Тараздағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде азық-түлік өнімдері базардағы бағадан 10-20 пайызға арзандатылып сатылды

ТАРАЗ.7 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Байзақ, Жамбыл, Меркі,Тұрар Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері жексенбі күні облыс орталығының Орталық алаңында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысты.

Тараздағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде азық-түлік өнімдері базардағы бағадан 10-20 пайызға арзандатылып сатылды

Тауар өндірушілер 11,4 млн. теңге тұратын 15 000 келіден астам ет өнімдерін, 2,5 млн. теңге болатын 31,6 тонна жеміс-жидек өнімдерін, 0,9 млн. теңгені құрайтын 15 тонна ұн, 1,8 млн. теңге болатын 50 тоннадан астам азық-түлік тағамдарын әкеліп, сатты.

Осындай жәрмеңке енді облыста әрбір жексенбі сайын өткізіліп тұратын болады.