Тараздағы тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласында жекеменшік үй өртеніп, бір адамның ажалына себеп болды, деп хабарланды ҚР ТЖМ ақпараттық порталында.

Тараздағы тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады

Кеше кешкі сағат алтыларда тұтанған өрт жарты сағатта ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді. 2 шаршы метр аумақты от шарпыды. Оқиға орнынан 45 жасар ер адамның мүрдесі табылды.