Тараздағы Жеңіс саябағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімімен аталды
ТАРАЗ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы Жеңіс саябағы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімімен аталды, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл ұсынысты қалалық соғыс және еңбек ардагерлері түсірді. Өйткені аңызға айналған қаһарман қолбасшының биылғы 100 жылдық мерейтойы Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен орайлас келіп отыр.
Бұл саябақ 1985 жылы қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің бастамасымен құрылған болатын. Саябақтың жаңа атауы қалалық мәслихаттың сессиясында бірауыздан бекітілді.