Тараздан 63 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 4 шілдеде Астана уақытымен сағат 04:40-та (3 шілде, Гринвич уақыты бойынша 23:40) Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.

Тараздан 63 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Фото: hurriyet.com.tr

Жер сілкінісінің эпицентрі 43,44° солтүстік ендік пен 71,59° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5, энергетикалық класы 10,6, ал ошағының тереңдігі 22 шақырымды құрады.

Жерасты дүмпуі Тараз қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мексиканың Юкатан штатында 6 балдық жер сілкінісі 
тіркелген еді.