Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тараздық тасымалдаушылар «Даму» қорының көмегімен 18 жаңа автобус сатып алды

ТАРАЗ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Тараз автобус паркі жаңа автобустармен толықты.

Тараздық тасымалдаушылар «Даму» қорының көмегімен 18 жаңа автобус сатып алды

Қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараздық тасымалдаушылар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы тағы 18 жаңа автобусты сатып алды.

«Енді Тараздың көлік паркі ширек жаңартылды. Өткен жылы көлікпен тасымалдаушылар орташа және үлкен сыйымдылығы бар 75 бағдарлық автобус, жыл басынан бері - 52 көлікті сатып алған еді. Енді «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тағы 48 автобусқа толықты», - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілі Олжас Ақылбаев.

Оның айтуынша, бағасы 33 мың АҚШ долларын құрайтын Қытайда шығарылған 24 орындық 18 автобусты «Тараздың № 1 автобус паркі» ЖШС 5 жылға несиеге алған. Жаңа автобустардың ерекшелігі - отынды үнемдеп тұтыну және жайлылығы  жоғары болуы.

Қалалық әкімдіктің мәліметтерінше, қалада жолаушыларды 52 бағдар бойынша тасымалдауды жалпы паркі 636 автобусты құрайтын 13 көлік ұйымы жүзеге асыруда.