19:44, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Тараздың орталық алаңында бүлдіршіндердің қатысуымен таңғажайып шоу өтті
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздың «Достық» орталық алаңында Балаларды қорғау күні бүлдіршіндер қатысып, 500 шар ұшырылған таңғажайып шоу өтті.
Сонымен қатар, қалалық білім беру бөлімі балалар арасынан асфальтқа сурет салу жарысын өткізді және бұдан бұрын облыс орталықтарындағы мектептер арасында өткізілген «Әлем балалар көзқарасымен» атты балалар суреті мен шығармалар байқауының қорытындысын шығарды.
Байқауға қатысушылар демеушілік көрсетіп отырған балалардың құқығын қорғау департаменті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен тараздық мектептер атынан сыйлықтар алды. Мерекенің соңында Тараз қаласы әкімінің атынан балаларға балмұздақ таратылды.