Тарбағатайлық шекарашыға ескерткіш тақта орнатылды

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ведомстволық ұшағы 2012 жылғы желтоқсанда апатқа ұшыраған болатын.
Қаза болғандардың ішінде тарбағатайлық азамат Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Тараз» шекара отрядының командирі Қайрат Мұхамадиев болған еді. Әскери инс-титутты үздік бітірген ол «Мақаншы» шекара отрядынан бастап, «Оңтүстік» аймақтық басқармасы «Тараз» отря-дының бастығына дейінгі үлкен өмір мектебінен өткен.
Қапыда ажал құшқан есіл ердің еңбегін бағалап, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты 2017 әскери бөлімі қызметкерлері Қайрат Ахметқалиұлына арнап Ақжар ауылында ескерткіш тақта орнатты. Тақтаның ашылу құрметіне жиналған ауылдастары боздақтың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz