Тарихи білімсіз қазақстандық отансүйгіштіктік болмақ емес, ал отансүйгіштік болмаса, сындарлы міндеттерді шешуде барша ұлттың топтасуы әрі бірігуі болмайды - Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры

Ал олардың шешіміне бағытталған жұмыстардың қалай атқарылғандығы жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген тарих ғылымының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов кеңінен тарқата әңгімелеп берді.
- Ерлан Батташұлы, Сіздің көзқарасыңызша, «көшпелі» уақытты қысқарту үшін жоғары буын мамандарын дайындау жүйесінде бірінші кезекте дұрыс, ықпалды әрі нақты қандай қадам жасау қажет?
- Жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты - әлемдік деңгейге қарай ілгері басу. Қазақстан дамуының жаһандық мақсаттарына сәйкес біздің жоғары мектеп жүйеміз әлемдік санаттағы университтерді қалыптастыруды, әлемдік деңгейдегі мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Біздің іс-қимылдарымыздың басты мақсаттары 2020 жылға дейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің даму стратегяисын жүзеге асыру болып саналады. Ал бұл реттегі басты міндеттер мыналар: көзделген стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруды жалғастыру, жұмыс берушілердің мұқтаждығын зерделеу жолымен біздің түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, ЕҰУ студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметтерінің тұжырымдамасын дайындау, кәсіпорындарда кафедра филалдарын құру бойынша жұмыстарды жандандыру, кітапхана ресурстарының электронды құрамдас бөлігін жетілдіру, ғылыми мектептердің қызметін олардың қызметтерінің коммерциялану нәтижелері тұрғысында белсендіру.
Университетте Назарбаев университеті үлгісі бойынша басқарудың корпоративтік жүйесін кеңінен енгізу тетігі әзірленуде, 2014 жылдан бастап ЖОО-ға кезең-кезеңмен дербестік беру қарастырылуда, 2012 жылдан бастап бізде заңнамалық тұрғыда зор өкілеттік бекітілген байқаушы кеңесі жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» атты халыққа Жолдауында Үкіметке
стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен Қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін ықпалдастыруға және жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналуға мүмкіндік беретін ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысу тетіктерін әзірлеуді тапсырған болатын.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу қызметі басымдықты салаларда іргелі ғылымдар мен қолданбалы ізденістерді дамытуға бағытталған. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарында Инженерлік бейімдегі зертхана (бұдан ары - ИБЗ) мен Инновациялық парк қызметі ерекше орынға ие. ИБЗ ҚР БҒМ тарабынан базалық қаржыландыруға ие жалғыз құрылым болып саналады.
ИБЗ базасында дипломдық жұмыстарды, магистрлық диссертацияларды және ғылыми жұмыстарды орындау жүзеге асырылады.
ЖОО жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі - ғылыми жарияланымдарда, әсіресе, Тhomson Reuters және Scopus мәліметтер базасына кіретін рейтингі жоғары журналдарда жарияланымдарды жарыққа шығаруы. Аталған көрсеткіш бойынша соңғы жылдардың ішінде оң серпін байқалып отыр.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың үш тілділікті дамыту бойынша тапсырмасын орындау әрі әлемдік білім беру жүйесіне кірігудің келесі маңызды факторы - бірнеше тілді жетік меңгерген кадрлар дайындау. Бұл үшін өткен оқу жылынан бастап-ақ білім алушылардың жалпы құрамымен арнайы бөлімшелер ашылуда.
Аталған бөлімшелердегі білім беру бағдарламаларының құрылымы былайша қалыптастырылған: гуманитарлық пәндер - тарих, әдебиет және басқалары мемлекеттік тілде оқытылады, ал жаратылыстану ғылымдары пәндері - химия, математика, физика, биология ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұдан ары мұндай арнайы бөлімшелердің саны және олардың құрамы арттырылатын болады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасудың тағы бір маңызды компоненті академиялық ұтқырлықты дамыту деп санаймыз.
Екі жылдың ішінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 30-дан астам магистранттары мен докторанттары екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша үздік шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстандағы «академиялық ұтқырлық» бағдарламасы барынша ерекше. Өйткені, әлемнің көптеген елдерінде бұл бағдарлама білім алушылардың өз есебінен жүзеге асырылады. Ал бізде аталған жоба мемлекет тарабынан қаржылай қолдауға ие болып отыр.
Қазақстандық ЖОО-ларға шетелдік профессорларды тарту мәселесі де жүйелі жолға қойылған. Бұл ретте атап өтерлігі, қысқа мерзімді сапарлар емес, ұзақмерзімді дәріс оқу, шетелдік ғалымдардың семинарлар өткізуін ұйымдастыру талаптары бар.
Біздің білім беру жүйеміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде жоғары оқу орындарының ұлттық және әлемдік рейтингтердегі ұстанымдарына да зор назар аударылады. Біздің университет - Л.Гумилев атындағы ЕҰУ QS халықаралық рейтинг агенттігінің (Ұлыбритания) мәліметтері бойынша осы жылы 303 орынға тұрақтап , әлемнің топ 400 жетекші университеттерінің қатарына енді. Яғни тұрақты алға жылжу біздің нәтижелеріміздің сапасын білдіреді. Төрелігін өздеріңіз айтыңыздар, мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша біз 69 позицияға жоғары қарай өрлеп, 369 орынды иелендік, ал осы жылы бізде 303-ші орын. Бұған қоса, QS рейтингіне әлемнің 17 мыңнан астам жоғары оқу орны қатысатындығын да ескеру қажет.
Университеттің ұлттық рейтинг агенттіктеріндегі ұстанымына қатысты айтар болсам, онда бұл жерде елдің үздік университеттері көшбасшылығын осымен 2 жыл қатарынан 1996 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұстап тұр. Сонымен қатар үздік сайттар бестігінде де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ-ді артқа қалдырған Л.Гумилев атындағы ЕНУ көш басында. Жүктелген құжаттар саны бойынша да елдің бірінші ұлттық жоғары оқу орны Еуразия ұлттық университеті алда келеді. Екінші орында С.Торайғыров атындағы ПМУ, ал үшінші орынға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақтаған.
Шындығында да 2012-2013 оқу жылдары Л.Гумилев атындағы ЕҰУ үшін жемісті болды десек те болады. Атап айтқанда, университет «қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленді. Ал қол жеткізілген жеңіс - барша ұжымның сан қырлы зор еңбегі.
- Ерлан Батташұлы, Сіз тарихшысыз әрі мұндай шоғырдағы мамандарды дайындау барысында педагогтердің алдында қандай қиын міндет тұрғанын жақсы түсінесіз. Сіздің ЖОО-да жаңа тарих факультетінің ашылуы педагогикалық құрамға ерекше жауапкершілік жүктейтіндігі анық. Ал бұл миссияны атқаруға білім ошағы қаншалықты дайын?
- Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ұлттық тарих жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысынан кейін таза тарих факультетін алғашқылардың бірі болып ашты. Оның тұсаукесер шарасы осы жылдың 10 қазанында өтеді.
Басқаша болуы да мүмкін емес еді. Өйткені біздің университет тарихшы Гумилев Лев Николаевичтің атында. Мен де тарихшымын, оған қоса Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің төрағасымын. Әрине, бұл біздің барша ұжым үшін зор жауапкершілік. Біз бұл міндетті жемісті жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Бізде ғылыми дәрежесі бар тарихшылар шамамен 70 пайызды құрайды. Олардың қатарында Б.Көмеков, С.Сыздықов, З.Қабылдинов, А.Мұсағалиева, Д.Махат, С.Қожырова сынды көптеген танымал ғалымдар бар. Қазіргі уақытта дәл осы салада білікті кадрларды дайындау мәселесі өткір тұр. Бакалавриат, магистратура және докторантураға гранттар бөлу мәселесін қайта қарастыру қажет. Есте болса, ауыр болған 90-шы жылдары, тіпті тарих факультеттерінің мәртебесі туралы мәселе қозғалмай тұрғанның өзінде олар ешқандай проблемасыз қажетсіздіктен жабылған болатын.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына сәйкес елімізде ұлттық тарих саласындағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету бойынша ауқымды міндеттер жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ведомствоаралық жұмыс тобы ғылыми-тарихи қоғамдастықпен бірлесіп шын мәнінде тарихи мәні бар үлкен жұмыстарды еңсеруде. Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2-ші отырысы өтіп, онда «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың қызметтері, сонымен қатар жұмыс тобының бірінші және екінші отырыстарында жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы қарастырылды.
Мемлекеттік хатшының тапсырмасына сәйкес біздерге, тарихшыларға «бүкәлемдік тарихпен өзара байланысты ұлт этногенезін мыңжылдық/бір жарым мың жылдық көкжиектегі ұлттық тарихты тұтас елестетуді қалыптастыру, сондай-ақ тәуелсіз мемлекет тарихының жаңа кезеңін зерделеу мақсатында «Халық тарих толқынында» атты тарихи зерттеу бағдарламасының жобасын әзірлеу қажет».
Бұл тұрғыда, Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өткен «Тарихшылардың ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің соңғы жиынының тікелей тарихи ғылымды одан әрі дамытудың өзекті проблемаларына, тарихшылардың ұсынылған ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, оның ішінде жаңа «Қазақстанның тарих ғылымының тұжырымдамасын» әзірлеуді қарау заңдылық та.
Осынау өзекті құжат жобасын әзірлеу барысында бағдарламаның мазмұндық бөлігін ғылыми-сараптамалық қоғамдастықпен жария талқылау көзделген. Бұл ретте аталған бағдарламаның дайындық бөлігі 2013 жылдың желтоқсан айына дейін жүзеге асырылуы тиіст-ті. Жүктелген міндеттерге сүйене отырып, Қазақстанның тарих ғылымының тұжырымдамасы» сынды маңызды құжаттың дайындық барысы туралы да атап өткен орынды. Қазіргі уақытта тұжырымдамамен жұмыс жүргізілуде. Оған Тарих және этнология институты, Археология институты, Шығыстану институты және Еуразия ұлттық университеті атсалысуда. Бұл ауқымды әрі мейлінше ұқыпты жұмысты қажет ететіндігі ескеріліп, ағымдағы жылдың күзінде тарихи-гуманитарлық бейіндегі барлық академиялық ғылыми-зерттеу институттарының, ЖОО-лардың, жетекші отандық және шетелдік ғалымдарының, Қазақстан мен Орталық Азияның тарих жөніндегі мамандарының қатысуымен Қазақстан тарихшыларының 2-ші конгресін өткізу ұсынылған еді. Аталған конгресте бұл құжат тыңғылықты талқыға түсетін болады.
Біздер үшін ағымдағы зерттеу тәжірибесінде пәнаралық сипатқа ие ғылыми жұмыстар да барынша қажет екендігін атап өткен орынды. Мәселен, өсіп-өну генетикасы, дәстүрлі шежіре, этнография, тарихи география және т.б. түйісінде. Мұндай бағыттағы зерттеулердің өзектілігіне 2013 жылдың 5 маусымында өткен ұлттық тарихты зерделеу проблемалары жөніндегі кеңейтілген кеңесте де ерекше назар аударылған болатын.
Жоғарыда аталған кеңейтілген отырыста Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің тапсырмасымен жарық көре бастаған «Мәңгі ел» атты жаңа халықаралық ғылыми-танымдық тарих журнал да зор сілкініс тудырып, жанды талқылау ортасына айналды.
- Айтпақшы, аталған басылым беттерінде қандай тақырыптар кеңінен қозғалатындығы жайында айтып беріңізші
- Журналдық редакциялық алқасының құрамына ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмуд Қасымбеков, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Мемлекет тарихы институтының директоры Аяған Бүркітбай, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев, , Президенттің бірінші баспасөз хатшысы, «Мир» ТРК-нің негізін қалаушы Ғаділбек Шалахметов, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Дихан Қамзабекұлы, әлемге танымал түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Әбжанов сынды танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері кірді. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл құрам журналда әртүрлі әрі қарама-қайшы пікірлерге де орын болатындығын көрсетеді.
Бұған дейін баламасы болмаған «Мәңгі ел» ғылыми-танымдық тарихи журналды жарыққа шығара отырып, оның қысқа ғана уақыттың ішінде үш тілде басылып шыққандығына ерекше назар аударғым келеді. Біздің басты мақсатымыз - жасы шектеусіз оқырмандардың кең ауқымын тарту. Журнал таяу және алыс шет елдерге, түркі тілдес мемлекеттерге таралатын болады.
«Мәңгі ел» 3000 дана таралыммен жарыққа шығады. «Тарих толқынында», «Көшпелілердің ұлы мұрасы», «Ұлт жетістігі», «Отандастар. Шекара», «Жусан», «Қорамсақ», «Сөз арасында», «Күн тәртібінде» сынды негізгі айдарлары бар. Аталған айдарларда талдамадан бастап қысқаша ақпараттық жолдарға дейінгі әртүрлі мазмұндағы материалдар орналастырылады.
Бұл басылымның негізгі мақсат-міндеті азаматтардың, айта кетерлігі біздің елдің ғана емес шетел азаматтарының да ұлттық тарихымызға, Қазақстанның өткені мен бүгінгісінің құпия сырға толы әрі ғажайып әлеміне қызығушылығын ояту екендігін тағы бір мәрте қайталап айтқым келеді.
Бізге мың жарым жылдық көне тарихымыздың жабық беттерін ашу, алашорда халқы үлгі тұтқан үздік гуманистік идеяларды жалғастыру, аңыздардағы бейнелерді тірілту, баянды құндылықтарымызды жазу, ұмыт қалған батырлардың есімін қайта қалпына келтіру құқығы берілді.
Осы журналдың жарық көруімен халықтың тарихи жады ерекше тереңдік пен мәнге ие болады.
Әрине, пікірталаста, риясыз сауалдарда туындайтыны анық. Бірақ, басты міндет оқырманның дүниетанымын қалыптастыру, қоғамды ақылды, өз Отанын сүйетін, оның тарихы мен мәдениетін жетік білетін ұлы елдің азаматтарымен толықтыру екендігін естен шығармау қажет. Бүгінгі таңда біз бір нәрсені жетік түсінеміз: тарихты білмей «жаңа қазақстандық отансүйгіштіктің» болуы мүмкін емес, Ұлт көшбасышысы Н.Ә.Назарбаев көрегендікпен айтқв андай, патриотизмсіз әлемнің дамыған едерінің 30-дығына кіруі жөніндегі тағдарылылы шешем алдында бүкіл ұлттың топтасуы және бірігуі мүмкін емес. Бұл - аксиома. Бұл - уақыт талабы. Бұл міндетті де шешу қолдан келеді.