Тарихи Хан ордасы ауылында жаңа мешіт ашылды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында жаңа мешіт ашылды.
None
None

Жаңа мешітті жергілікті кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Серік Мұхамбетшин тұрғызды. Оның салынуына екі жылдай уақыт кетті, шеберлер Орал қаласынан алдырылды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов осындай имандылық ісі үшін С.Мұхамбетшинге ризашылығын білдіріп, мешітке ноутбук тарту етті. Жаңақала аудандық мешітінің имамы Мұратбек қажы Жахатов діни кітаптар сыйлады.

Хан ордасы мешітінде медреседе оқып, діни білім алған Ақылбек Құрманғалиев имам болып жұмысқа кірісті.

Айта кетейік, іргесі 1826 жылы қаланған Хан ордасында заманында Жәңгір хан салдырған мешіт болды. Кейін ол өртеніп кетті. Хан мешіті қайта салынғанымен, ол Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешенінің құрамында. Сондықтан осы кезге дейін тарихи ауылда имандылық үйі болмай келген еді. Сөйтіп Хан ордасы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатын атаулы күн қарсаңында тағы бір еңселі ғимарат пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум