Тарихтағы ақтаңдақтардың бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы турасында ойлану қажет - Смағұл Елубай

АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ашаршылық мәселесі - барша сарапшы-мамандарға, қоғамдық ұйым өкілдеріне және тәуелсіздік мәселесіне бей-жай қарай алмайтын барлық ұлт жанашырларына сын деп білеміз, деді жазушы Смағұл Елубай Алматыда өткен «Қазақстанның даму тарихындағы 1932-33 жылдардағы Аштық тауқыметінің алар орны» деп аталатын  ғылыми-тәжірибелік конференцияда.
None
None

Оны «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі «30-жылдардағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарының естелігіне арналған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы шеңберінде ұйымдастырды. А.П.Чехов атындағы кітапханада өткен бұл шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясында жүзеге асып отыр.   

«Тар жол, тайғақ кешулі тағдырымыздың ел тарихына қосқан үлесі мен салмағына баға бере отырып, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарды,  саяси жүйенің ызғарын тартқан қайраткерлерді еске алу азаматтық борышымыз, перзенттік парызымыз. Ал тарихи ақтаңдақтар тақырыбында атқарылар ауқымды жұмыс алда» - дейді республикалық «Әділет» тарихи зерттеу қоғамының төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы Бейбіт Қойшыбаев.

Кеңестік кезеңдегі ашаршылық зұлматын көркем әдебиетте кестелеп, кино тілінде сөйлеткен жазушы Смағұл Елубайдың айтуынша,  ашаршылық мәселесі - барша сарапшы-мамандарға, қоғамдық ұйым өкілдеріне және тәуелсіздік мәселесіне бей-жай қарай алмайтын барлық ұлт жанашырларына сын. Оның бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы турасында ойлану қажет. Бұл ретте жастарды тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мәселесi, атап айтқанда сол аға буынның қабырғасын қайыстырып, iргесiн сөгiп кетуге қауiп тудырған зауалдың ендiгi уақытта алдын алу, оның саяси, рухани, әлеуметтiк зардаптарынан арылу жайы маңызды.

Соңғы жаңалықтар