Тәркіленген есірткі заттарының салмағы 34,5 келіден асты - БҚО

None
None
ОРАЛ. 26 маусым. ҚазАқпарат - 26 маусым - халықаралық нашақорлықпен күрес күні. Мұнымен күреске БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті қызметкерлері де өз үлестерін қосуда.

Қазақстан-Ресей шекарасында кедендік бекеттердің алынуына байланысты кеденшілер облыс құқық қорғау органдарымен өзара байланысты нығайтуға бағыт ұстауда. Айталық, есірткі контрабандасымен күрес бөлімінің қызметкерлері БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасымен бірлесе отырып жыл басынан бері есірткі заттарын сату мен сақтаудың 5 фактісін ашты, сол бойынша жеті қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 34,5 келіден асты.

Есірткіге байланысты соңғы оқиға 4 мамырда тіркелді. «Сырым» бекетінде шекарашылар Самарадан Оралға қазақстандық азамат айдап келе жатқан «» автокөлігін тексерген кезде артқы жағындағы мемлекеттік тіркеу нөмірінің астынан қағаз орама табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес оның ішінен 0,78 грамм кептірілген марихуана шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК 205-бабы 1-бөліміне сәйкес кеденшілер қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар
telegram