17:51, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Тәртіп сақшылары Алматы облысында садақаны жымқырған шіркеулік ұрыны құрықтады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 31 мамырда белгісіз біреу Еңбекші қазақ ауданы Түрген ауылында орналасқан шіркеуді тонаған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, шіркеудің ресми өкілінің Еңбекші қазақ аудандық ІІБ полицейлеріне жазған арызына сәйкес, белгісіз біреу 172 000 теңге көлеміндегі садақаны қолды еткен.
Ұрлық туралы сұрастыру кезінде шіркеу қызметкері күдіктенген адамның сипаттамасын жасап берген. Осының арқасында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындардың бірін қолға түсірді.
Күдікті - Түрген ауылының 19 жастағы тұрғыны қылмысын мойындап, полицейлерге ұрланған ақшаның бір бөлігін тапсырды. Сезіктіге қатысты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары уақытында ұсталған ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді.