Тәртіп сақшылары тарапынан жасалған жемқорлық әрекеттердің 55 пайызын өзіміз әшкереледік - Б.Мұхамеджанов

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Біз өткен жылы тәртіп сақшылары тарапынан жасалған жемқорлық әрекеттерінің 55 пайызын өзіміз әшкереледік. 2007 жылы бұл көрсеткіш небәрі 30 пайызды құраған болатын»,

 Тәртіп сақшылары тарапынан жасалған жемқорлық әрекеттердің 55 пайызын өзіміз әшкереледік - Б.Мұхамеджанов
деді бүгін Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов ведомствоның өткен жылы атқарған жұмыстарына арналған алқа мәжілісінде. Оның айтуынша, жемқорлық мәселесі ішкі істер саласында да бар. «Олар бойынша тәртіп сақшылары арасында арнайы мәжілістер ұйымдастырылып тұрады. Біз тек пара алушыны ғана емес, оны берушілермен де күресудеміз. Жыл бойына полиция қызметкеріне жауаптан жалтару үшін ақша ұсыну әрекетінің 100 фактісін әшкереледік. Елбасының тапсырмасы бойынша ішкі істер органдарында 5 жылдан астам уақыттан бері қызмет еткен басшыларды ротацияладық. Біз жол полициясы қызметіндегі жемқорлық әрекеттеріне де баса назар аударудамыз. Олардың арасында аймақтық басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары аттестацияланды. Сөйтіп 11 басшы қызметінен босады. Келесі жылы қатардағы қызметкерлерді де сынап көреміз. Қазіргі таңда оларды қызметке алу үшін қойылатын талаптар қатайтылып отыр», деді министр.