Тәртіп сақшыларын ауыр қылмыстардың жайы алаңдатып отыр ? алқа мәжілісі

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елдегі қылмыстық жағдай қалыпты және біздің жіті бақылауымызда". Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, республикада жыл бойына 127,5 мың қылмыс тіркелген. «Оның 113-мыңы нақты біздің саламызға қатысты болып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 1,2 пайызға аз, деді министр. Сондай-ақ ол келтірген мәліметтер бойынша, елде жасалған қылмыстардың арасында бұзақылық әрекеттері 18,8 пайызға, дене жарақатын салу 14,5 пайызға, кісі зорлау 14,3 пайызға, қарақшылық 2,2 пайызға кеміген. «Ішкі істер саласында ерекше айта кетерлік тағы бір жаңалық - республиканың қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 8 пайызға жуық кеміп, көшедегі қылмыстар 5 пайыздан астам азайып отыр. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс та 4,8 пайызға қысқарды. Ал рецидивтік әрекеттер 4,7 пайызға аз болып отыр», деді Б.Мұхамеджанов. Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда тәртіп сақшыларын елде орын алған ауыр қылмыстар алаңдатып отырған көрінеді. Өткен жылы бұл қылмыс түрі 4,4 пайызға өсіпті. Дегенмен олардың ашылу көрсеткіштері ауыр қылмыстар бойынша 70,6 пайыз, аса ауыр қылмыстар бойынша 89 пайыз деңгейінде қалып отыр.
Соңғы жаңалықтар