Тәртіптік кеңес ұсынысы бойынша өткен жылы 73 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнаманы және Ар-ождан кодексін бұзғаны үшін былтыр 73 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды,

Тәртіптік  кеңес  ұсынысы  бойынша өткен жылы 73 мемлекеттік  қызметкер  жауапқа   тартылды -  Павлодар

деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Павлодар облысындағы Тәртіптік кеңесінен.

Олар - 6 ауыл және округ әкімі, 49 әкімшілік қызметкер, 4 төтенше жағдайлар ведомствосының қызметкері, 14 мемлекеттік қызметті атқарушы тұлға.

Тәртіптік кеңестің ұсынысы бойынша жеті шенеунік жұмыстан босатылды, 19 адам қызметіне толық сәйкессіздігі туралы ескертілді, 47 мемлекеттік қызметкерге сөгіс және ескерту жарияланды.

Тәртіптік кеңестің он төрт мәжілісінде аудан әкімдерінің, мемлекеттік орган басшыларының 131 есебі тыңдалды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары мен мемлекеттік қызметкерлер этикасын бұзу фактілері бойынша 82 іс қаралды.

Барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік мекеме басшыларына тәртіпті нығайту, жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мен Ар-ождан кодексінің талаптарын сақтау туралы 294 кеңес берілді.