Tartyl Fest: жезқазғандық жеңімпаздар анықталды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық фестивалі Жезқазғанда өтіп, мықтылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жарысқа турникке тартылудан таласы бар 238 жезқазғандық тіркелді. Спорттық шарада қала тұрғындарының белсенділігі байқалды.

Қатысушылардың ең үлкені 58 жастағы ауыр атлетикамен шұғылданатын спортшы болды. Жезқазған бойынша қатысушылардың үздігі турникке 36 рет тартылды.

Tartyl Fest фестивалінің Жезқазған қаласындағы әр санат бойынша жеңімпаздары:

18 жасқа дейін (55 келіге дейін):

1 орын – Ілияс Дихамбай - 14 жас, 46 кг – 25 рет;

2 орын – Батырлан Мейрам – 17 жас, 51 кг – 22 рет;

3 орын – Ернар Нұрлыхан – 15 жас, 52 кг – 19 (18) рет.

18 жасқа дейін (55-70 келі аралығы):

1 орын – Асылжан Жұмаділдә – 17 жас, 60 кг – 36 рет;

2 орын – Глеб Крайнев – 17 жас, 65 кг – 31 (31) рет;

3 орын – Жасұлан Жетенов – 16 жас, 58 кг – 31 (28) рет.

18 жасқа дейін (70 келіден бастап):

1 орын – Рауан Бекешев – 16 жас, 74 кг – 21 рет;

2 орын – Нұрдəулет Жүнісбек – 16 жас, 72 кг – 18 рет;

3 орын – Сүлейман Сефербеков – 14 жас, 74 кг – 17 (17, 15) рет.

18 бен 30 жас аралығы (65 келіге дейін):

1 орын – Әнуар Омаров – 26 жас, 63 кг – 32 рет;

2 орын – Тимофей Грибов – 21 жас, 63 кг – 29 рет;

3 орын – Темірлан Қуанышбек – 21 жас, 58 кг – 28 рет.

18-30 жас аралығы ( 65-80 келі салмақ бойынша):

1 орын – Алданыш Жәнібеков – 23 жас, 66 кг – 32 рет;

2 орын – Даниил Близнюк – 19 жас, 73 кг – 29 рет;

3 орын – Темірлан Тұраш – 23 жас, 67 кг – 28 (23) рет.

18 бен 30 жас аралығы (80 келіден бастап):

1 орын – Алексей Афанасьев – 22 жас, 91 кг – 31 рет;

2 орын – Шəмші Əбек - 25 жас, 81 кг – 30 рет;

3 орын – Сергей Королев – 23 жас, 81 кг - 24 рет.

30 жастан бастап (80 келіге дейін):

1 орын – Сәулет Торғаев – 32 жас, 67 кг – 32 рет;

2 орын – Медет Әбілқасымов – 34 жас, 69 кг – 31 (29) рет;

3 орын – Ақжол Бірмағанбектов – 31 жас, 61 кг – 31 (23) рет.

30 жастан бастап (80-90 келі салмақта):

1 орын – Рустам Сефербеков – 37 жас, 87 кг – 25 рет;

2 орын – Дәулет Мұсабеков – 32 жас, 81 кг – 22 рет;

3 орын – Санат Жүсіпов – 35 жас, 80 кг – 20 рет.

30 жастан бастап (90 келіден бастап):

1 орын – Хидир Бабахваев – 37 жас, 102 кг – 26 (23) рет;

2 орын – Ерлан Жақсыбаев – 30 жас, 92 кг – 26 (22) рет;

3 орын – Мурад Омаров – 33 жас, 94 кг – 21 рет.

Жоғарыда аталған жеңімпаздар, яғни 1 орын иегері 200 мың теңге, 2 орын 100 мың теңге және 3 орын жеңімпазы 50 теңгеге ие болды.

Фестиваль көрермендері үшін белгілі әнші Нұржан Керменбаев өнер көрсетті.

Тағы бір жайт, әр қаланың жеңімпаздары (9 санат бойынша) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Ақтық сынның жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.

Ал гранд-финал чемпиондары «Street workout» бойынша әлем чемпионатына жолдама алады. Жоба амбассадоры - қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов. Ол Қазақстанда және әлемде street workout бойынша бірнеше дүркін рекордшы, Streetlifting бойынша Еуропа рекордсмені, сондай-ақ Қазақстандағы street workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі. Street workout-көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығулар орындалатын әуесқой спорт түрі.

Tartyl Fest республикалық фестивалі өтетін ендігі қалалар:

Қарағанды – 24 тамыз;

Павлодар – 27 тамыз;

Семей – 30 тамыз;

Өскемен – 2 қыркүйек;

Нұр-Сұлтан – 6 қыркүйек.


Соңғы жаңалықтар