«Тасбақа бала» атанып кеткен колумбиялық Дидье Монтальвоға операция жасалды

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - «Тасбақа бала» атанып кеткен колумбиялық Дидье Монтальвоға операция жасалды. Хирургтер оның арқасындағы сауыт тәрізді қабыршақты теріні алып тастады.

«Тасбақа бала» атанып кеткен колумбиялық Дидье Монтальвоға операция жасалды

Дидье Монтальво жеті жаста. Арқа­сын­дағы қара қабыршақты беймәлім жабын оны тасбақаға ұқсатады. Ерекше бала әлемге биыл ғана таныл­ды. Жалғызілікті әйел Лус Монтальво журналис­тер­ге ұлының тағдырына алаңдайтынын айтқан еді. Оның айтуынша, Дидье өзі қатарлас балалар­дың мазағына шыдай алар емес. Бұл жайтты есті­ген ағылшын пластикалық хирургі Нил Балс­трод Колумбияға арнайы барып, балаға тегін операция жасап берді. Ол Дидьенің анасынан ешқандай қаражат талап етпейтінін айтты. Қазір нысаналы бала жасанды теріге машықталып жатыр. Дәрігер­лердің айтуынша, баланың ауруы ғылымда «құрсақішілік меланоцитарлы невус» делінеді, ол - генетикалық мутацияның салдары. Мұндай кесел әрбір 20 мыңыншы балаға жабысады екен, деп жазады «Алаш айнасы » басылымы.