«Тасбақа бала» атанып кеткен колумбиялық Дидье Монтальвоға операция жасалды

Дидье Монтальво жеті жаста. Арқасындағы қара қабыршақты беймәлім жабын оны тасбақаға ұқсатады. Ерекше бала әлемге биыл ғана танылды. Жалғызілікті әйел Лус Монтальво журналистерге ұлының тағдырына алаңдайтынын айтқан еді. Оның айтуынша, Дидье өзі қатарлас балалардың мазағына шыдай алар емес. Бұл жайтты естіген ағылшын пластикалық хирургі Нил Балстрод Колумбияға арнайы барып, балаға тегін операция жасап берді. Ол Дидьенің анасынан ешқандай қаражат талап етпейтінін айтты. Қазір нысаналы бала жасанды теріге машықталып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың ауруы ғылымда «құрсақішілік меланоцитарлы невус» делінеді, ол - генетикалық мутацияның салдары. Мұндай кесел әрбір 20 мыңыншы балаға жабысады екен, деп жазады «Алаш айнасы » басылымы.