Ташкент метросы Өзбекстан-Португалия матчының жанкүйерлері үшін жұмыс уақытын ұзартады

АСТАНА. KAZINFORM — 23 маусымда Ташкент метрополитені футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының Португалияға қарсы ойынына байланысты жұмыс уақытын бір сағатқа ұзартады, деп хабарлайды Kazinform

Ташкент метросы Өзбекстан-Португалия матчының жанкүйерлері үшін жұмыс уақытын ұзартады
Фото: uznews.uz

Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы әлем чемпионаты аясында кезекті матчын 23 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00–де өткізеді.

Матч өтетін күні Ташкентте жолаушылар ағыны айтарлықтай артады деп күтіліп отыр. 

— Осыған байланысты Ташкент метрополитені 23 маусымда түнгі сағат 1:00–ге дейін жұмыс істейді. Бұл қосымша жұмыс режимі жанкүйерлердің матчтан кейін қауіпсіз, жайлы және жылдам оралуын қамтамасыз етуге бағытталған, — делінген Ташкент метрополитенінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Еске салсақ, 18 маусымда Өзбекстанның Әлем чемпионатындағы алғашқы матчы өтті
Бұған дейін Өзбекстан футболдан әлем чемпионатының коллекциялық монетасын шығаратынын жазғанбыз.