«Tashkent Open»-дегі Қазақстанның алғашқы жеңісі: Г.Воскобоева екінші айналымға шықты

ТАШКЕНТ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Кұрмат Самархан/ - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева дүйсенбі күні «Tashkent Open» теннисі бойынша әйелдер арасындағы ашық чемпионатта алғашқы жеңіске жетті.

«Tashkent Open»-дегі Қазақстанның алғашқы жеңісі: Г.Воскобоева екінші айналымға шықты

ҚазАқпараттың бұған дейін хабарлағанындай, Өзбекстанның астанасында жүлде қоры 220 мың АҚШ доллары болатын «Tashkent Open» теннисі бойынша әйелдер арасындағы ашық чемпионат өтуде.

Бүгін басталған алғашқы айналымда қазақстандық Галина Воскобоева Португалияның спортшысы Сильва Незамен кездесіп, 6-4, 3-6, 6-4 есебімен жеңіске жетті.