Ташкентте Аstana Hub өкілдерімен ынтымақтастық кездесу өтті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Ташкентте Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі мен Аstana Hub өкілдері арасында ынтымақтастық кездесуі өтті, деп хабарлайды ӨзА ақпарат агенттігі. 

Ташкентте Аstana Hub өкілдерімен ынтымақтастық кездесуі өтті
Фото: ӨзА

Белгілі болғандай, Өзбекстан Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі мемлекеттік қызмет бойынша Аstana Hubпен 2020 жылдан бері ынтымақтас.

Атап айтқанда, 2023 жылдың қазан айында Самарқанд қаласында Агенттік пен Хаб арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған еді. Өткен кезеңде Аstana Hub-тың шақыруымен агенттік өкілдері 15-тен астам халықаралық конференциялар мен семинарларға баяндамалармен қатысты.

Ташкентте Аstana Hub өкілдерімен ынтымақтастық кездесуі өтті
Фото: ӨзА

Сондай-ақ, Агенттік, Аstana Hub және басқа да ұйымдармен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырды.

Осыған сәйкес, серіктес ұйымдар өкілдері арасындағы кезекті кездесуде 2025 жылдың 23-25 маусымында Самарқанд қаласында өтуі жоспарланған БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет жөніндегі форумы аясында бірлесіп атқарылатын жұмыстар қарастырылды.

Отырыста салаға қатысты басқа да бірқатар ұсыныс талқыланды.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Қапланбек» автобекеті ашылды.

Соңғы жаңалықтар