Ташкентте шенеуніктің машина жарылды
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Ташкентте Өзбекстанның Жызақ ауданындағы Бахам ауданының басшысы Акмал Абдуллаевтың машинасы жарылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ферғана.ру сайтына сілтеме жасап.
Жарылыстың қатты болғаны соншалық, автомобильдің төрт есігі төрт жаққа бірнеше ондаған метр жерге ұшып кеткен, ал машинаның бүлінгені соншалықты оның маркасын ажырату қиынға соққан.
Жүргізуші жарақат алды. Ал жарылыс болған сәтте Абдуллаевтың өзі автокөлікте болмаған.