Ташкентте тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтуде
ТАШКЕНТ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстанның астанасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды.
ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаевтың хабарлауынша, бұл жарыстарға үш елден - Қазақстаннан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан спортшылар қатысуда. «Біздің елден Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарынан командалар қатысуда. Жарыс үш күнге созылады және жеңімпаздар қаңтардың 29-ында анықталады», - деді ол.