Ташкентте жалған 1400 долларды банкоматта айырбастаған адамдар ұсталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Алаяқтардың 50 долларлық 28 жасанды купюраны Өзбекстанның ұлттық валютасы - сумға айырбастағаны анықталды, деп хабарлайды ӨР Бас прокуратурасы жанындағы департаменттің баспасөз қызмет. 

банкомат
Фото: Department_uz

«Ипак йўли» (Жібек жолы) АИКБ (акционерлік инновациялық коммерциялық банк) Чилонзор филиалының өтініші негізінде Бас прокуратура жанындағы департаменттің Ташкент қалалық басқармасы жүргізген сотқа дейінгі тергеуде азаматтар Т.Т. (бұрын сотталған), Н.О. және А.Ш. аталған банк филиалына тиесілі банкоматтан барлығы 28 дана жалған 50 долларлық купюраны сумға айырбастаған.

Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 176-бабы (жалған ақша, акциздік маркалар немесе бағалы қағаздар жасау, оларды өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Ташкентте жалған доллар сатқандар ұсталғаны жайлы жазған едік

Соңғы жаңалықтар