Тасқын су басқан Құлсарыда 12 мыңға жуық адам өз үйіне оралды

су тасқыны
Фото: ТЖМ

АТЫРАУ. KAZINFORM — Тасқын су басқан Құлсары қаласында 12 мыңға жуық адам өз үйіне оралған.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың мәліметіне сүйенсек, Құлсары қаласынан эвакуацияланған тұрғындардың арасында үйі су кетпеген тұрғындар да бар. 

«Қазір Құлсары қаласы тұрғындарының басым бөлігі оралды. Олардың ішінде тұрғын үйі суға кетпеген, бірақ, эвакуация жарияланған уақытта қаладан кетіп қалған азаматтар да бар. Осылайша, 12 мыңға жуық адам өз үйіне оралды. Тұрғындардың кейбірі ағайын-туыстарының үйіне орналасты. Әлі де эвакуациялық пункттерге, жалдамалы пәтерлерге орналасқан тұрғындар бар. Тұрғындар үйіне дезинфекциялау жұмысын жүргізіп, қалпына келтіруді қолға алдыр» -деді Жұмабек Қаражанов.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, тасқын су қаупіне байланысты Жылыой ауданынан 36 мыңға жуық адам эвакуацияланған. 

«Қазір Маңғыстау облысындағы эвакуациялық пункттерде тұрып жатқан құлсарылық тұрғындардың саны — 1800 адам. Жылыой ауданында орналасқаны „Теңіз“ қалашығындағы жатақханаларда 600-ге жуық тұрғын қалып отыр. Ал, Құлсары қаласындағы эвакуациялық пунктте 170 адам орналасқан», -деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Серік Шәпкенов Құлсарыдағы су басқан аумақты тазарту мамырға дейін аяқталатынын айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram