Тасқын қаупі бар учаскелерді бақылауға 853 техника тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде республикалық жолдардағы тасқын қаупі бар учаскелерді бақылау үшін 853 техника жұмылдырылды.
None
None

ҚР ККМ мәліметен қарағанда, автожолдар мен жол құрылғыларының бұзылуын алдын алу мақсатында және республиканың барлық аймақтарындағы мүмкін қауіп-қатерге шұғыл әрекет жасау үшін толық көлемде қосымша материалдар дайындалды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Қазақавтожол» РМК бөлімшелерімен және мердігер мекемелермен бірлесіп тасқын кезіндегі жол инфрақұрылымының бұзылуын алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Атап айтқанда, автожолдар мен жасанды құрылыстарды зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша су деңгейі көтерілуінің мүмкін жерлері анықталып, олардың алдын алу шаралары белгіленді. Айталық, «Қазақавтожол» мекемесі «Екатеринбор-Алматы» автомобиль жолының «Астана-Карағанды» учаскесінде (1348 шақырымы) көпіраралық құрылыстағы ақауларды анықтады. Сол себептен күрт жылыған кезде еріген қар суын ағызып жіберуге мүмкіндік беретін құрылғысы бар уақытша айналма жол салу жөнінде шешім қабылданды. Мұнымен қоса, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күн сайын кезекшілік жүргізілуде.

«Қазіргі кезде су тасқыны, автожолдар мен жол құрылғылары бұзылған жоқ, «су тасқыны кезеңі» штаттық режімде өтуде»,-делінген министрлік мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар