Тасқын су Целиноград ауданындағы Талапкер ауылын жағалап кетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Тасқын су болып келетін табиғаттың тосын сыйы Атбасарды қойып, енді Целиноград ауданындағы Талапкер ауылын жағалап жүр. Мұндағы жағдайды аудан әкімі Бақберген Мәуленов өзі бақылауға алып, 20 тәулік бойы табиғат қаһарына қарсы тұруда, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.

Хабарламада: «Есіл,Нұра, Сарқырама, Қарасу және Мұқыр өзендерінен ағып келіп жатқан су бір толастар емес. Қазір аталған елді мекенде апатты-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілуде.Оған жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке кәсіпкерлерде көмек қолын созуда. Қауіпті аймақта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Арнайы техникалардың барлығы қауіпті деген жерлерде жұмыс істеуде», - деп жазылған.

Су тасқынын алдын алу жұмыстары жалғасуда, әсіресе жаңа бөгет нығайтылып, екі арнаның айрығы кеңейтілді, сондай-ақ, 4 өрт-су сорғыш станциясы кідірссіз жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні су тұрғын үйлерге жеткен жоқ. Сондықтан, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілмеді.

Су тасқынын алдын алу мақсатында ұзындығы 80 метр, ені 6 метр шамасында өзен айырығына құм төселіп, 13716 текше метр су сорылып, сыртқа шығарылды.

«Қазір бұл қауіпті аймаққа 25 КамАЗ жүк көлігі мен 1 экскаватор және басқа да техникалар тартылып, жедел медициналық көмек көрсету қызметі кезекшілік етуде. Астана қаласының ТЖД да қосымша күштер жұмылдырылған»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар