Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тасқын судан зардап шеккен ауылдардың оқушыларына мектеп формалары тарту етіледі - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Жансүгіров» қайырымдылық қоры тасқын судан зардап шеккен Қызылағаш, Егінсу және Ақтоған ауылдарының 515 оқушысына бірдей мектеп формасын сатып әперетін болды.

Тасқын  судан   зардап шеккен  ауылдардың  оқушыларына мектеп  формалары  тарту етіледі -   Алматы  облысы

Формалардың дизайны Алматыда жасалды. Киімдерді тігуге қайырымдылық мақсаттарға жиналған 5 миллион 270 мың теңге сома жұмсалып отыр.

Оған қоса, Қызылағаш ауылында қыркүйектің 1-і күні Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектеп өз есігін ашады. Онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол мақсатқа 226 миллион теңге жұмсалды. Мектеп аумағында үш блоктан және аралық галереядан тұратын оқу корпусы, қосалқы бірқабатты оқу корпусы, қазандық орналасқан. Мектеп оқу процесіне қажетті барлық жабдықтармен жарақталып отыр.