Тасқын судан зардап шеккендерге «нұротандықтар» да қолұшын созды

ОРАЛ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында болып жатқан су тасқынына байланысты «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек беру мақсатында арнайы қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылып,

Тасқын судан зардап шеккендерге «нұротандықтар» да қолұшын созды

жәрдем сұраған азаматтарды қабылдаса, жергілікті жерлерде киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған аса қажетті заттарды қабылдау нүктелері ашылды.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кеңесшісі Гауһар Шайхиниязованың айтуынша, табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындарға мемлекет тарапынан қажетінше көмек көрсетілетіні белгілі. Арнайы құрылған комиссия мүшелері апаттың шығындарын есептеуде. Облыс көлемінде жедел құтқару шаралары қолға алынып, мыңдаған адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Осындай сәтте су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек бүгін қажет. Сол себепті «Нұр Отан» ХДП облыстық, Орал қалалық, және аудандық филиал қызметкерлері апатты аймақтың отбасыларына көмек қолын созып, бір күндік жалақыларын аударды.