Тасманияда адамзат тарихын сақтайтын «Жердің қара жәшігі» орнатылады

АСТАНА. KAZINFORM — Аустралияның батысындағы Тасмания аралында Earth’s Black Box жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BILD.

Тасманияда адамзат тарихын сақтайтын «Жердің қара жәшігі» орнатылады
Фото: BILD

Ұзындығы шамамен 10 метр болатын болат монолит адамзат тарихын және оның ықтимал жойылу себептерін тіркеуге арналған.

Қалыңдығы 7,5 сантиметрлік болаттан жасалған құрылым гранитті негізге, геологиялық тұрғыдан тұрақты әрі шалғай аймаққа орнатылады. Жобаның бастамашылары — Тасмания университеті, Clemenger BBDO агенттігі және The Glue Society арт-тобі.

Құрылғы күн энергиясымен жұмыс істейді және жүздеген жыл бойы автономды қызмет етуге есептелген. Ішінде деректерді сақтау жүйелері орнатылып, олар атмосферадағы CO₂ концентрациясын, ауа мен мұхит температурасының өзгерісін, теңіздердің қышқылдану деңгейін, энергия тұтынуды, сондай-ақ саяси шешімдер, жаңалықтар мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды үздіксіз тіркеп отырады.

Жоба авторларының айтуынша, жаһандық апат болған жағдайда «қара жәшік» болашақ ұрпаққа не болғанын түсінуге мүмкіндік береді. Жүйені толық іске қосу 2026 жылдан кешіктірілмей жоспарланып отыр. 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум