14:59, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Тасөткел су қоймасын қайта жөндеу жүргізілуде
ТАРАЗ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 1974 жылы салынған, сыйымдылығы 620 млн. текше метр болатын Тасөткел су қоймасы түбегейлі жөндеуді қажет етеді.
ҚазАқпарат тілшісіне аймақ әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, қазіргі кезде бұл жерде Жамбыл облысы Шу және Мойынқұм аудандарының, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға бағытталған 330 текше метр су сақталып отыр. Стратегиялық маңызды бұл нысан соңғы жылдары сыр бере бастады. Су қашыртқысы апатты жағдайда болып шықты, мамандарды гидротораптардың сейсмикалық беріктігі де алаңдатуда. Нысанды нығайтуға республикалық бюджеттен 660 млн. теңге бөлінді. Қалпына келтіру жұмыстары 2007 жылдың көктемінде басталған болатын.Мердігер ? «Бином» ЖШС 2007 жылы ? 90 млн. теңгені, 2008 жылы 230 млн. теңгені игерді. Құрылысшылар бөгеттің жиегіндегі жақтауларын нығайтты, дренаждық жүйені қалпына келтірді.
«Таразсушаруашылығы» РМК директоры Ілияс Қазыкеевтің сөзі бойынша, қазіргі уақытта гидроқұрылысты қайта жөндеудің бірінші кезеңі аяқталып келеді. 2009 жылы басталатын қалпына келтіру жұмыстарының екінші кезеңінде де бөгетті одан әрі нығайту көзделген.