Таспен және арматурамен қаруланған адамдар тобы Бішкекке бет алды
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Ел орталығына жақын маңдағы Маевка селосынан шыққан қарулы адамдар тобы Бішкекке бет алды, деп хабарлады оқиға орнынан РБК агенттігінен.
Куәгердің айтуынша, таспен және арматурамен қаруланған жас жігіттер жер басып алушылар және олар биліктен жер беруді талап етуде.
Тағы бір куәгердің айтуынша, тобыр орыстарға қарсы ұрандар айқайлап барады, ал екінші бір куәгердің айтуынша, тобыр керісінше түріктердің үйлерін шабуылдауда, орыстарға тиіспеуде.