Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Гуйян қаласында маунтинбайктан Азия сериясының турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Қазақстандық Татьяна Генелева әйелдер арасындағы ХСС дисциплинасында күміс жүлдеге ие болды. Отандасымыз қашықтықты 25:06 уақытта жүріп өтті.
Алтын медальді қытайлық Тин Ван жеңіп алды — 24:14.
Тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжан қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін маунтинбайктан Қазақстан ұлттық құрамасы Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.