Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісі «Қазақстандықтарға ЕҚЫҰ туралы» деп аталатын жаңа жобаны жүзеге асыра бастады

АЛМАТЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісі «Қазақстандықтарға ЕҚЫҰ туралы» деген жаңа жобаны жүзеге асыра бастағанын жариялады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және  Петропавл қалаларында іске асырылмақ.  Жобаның басты мақсаты - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының жұмысы мен оған 2010 жылы төрағалық ету кезеңіндегі Қазақстанның рөлі жайында халыққа ақпарат тарату. Сондай-ақ Қазақстанның Төраға ретіндегі саяси міндеттемелерін азаматтардың түсіну деңгейін жоғарылату.

«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі елдің саяси жүйесін модернизациялауға, қоғамдық-саяси өмірінің одан ары демократиялануына ықпал етеді деп жоспарлануда. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан ел тұрғындары  ЕҚЫҰ іс-әрекеті мен Қазақстанның оның құрамындағы жұмысы жайлы жетік білмейді. Халықтың едәуір бөлігі ЕҚЫҰ қандай ұйым екенін, оның тарихы мен мақсат-міндеттерінен хабарсыз», дейді тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісінің президенті Тасқын Рахымбекова. Оның айтуынша,  жобаның аясында жаттықтырушыларға, саяси партиялар мен  үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдеріне тренингтер мен семинарлар жүргізіледі.  Сонымен қатар бейнероликтер шығарып, еріктілердің көмегімен ақпараттық буклеттер, кітапшалар мен үнпарақтар таратылмақ.

Соңғы жаңалықтар