Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мәдени шаралар арқылы 93 күн бойы көрсетіледі
«Елбасының тапсырмасына сәйкес ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі мәдени және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасы дайындалды. Осы жылдың ақпан айында іс-шаралардың жоспары орналастырылған арнайы сайт іске қосылды. Көрме өтетін уақытта Астана қласында әртүрлі форматта 4 мыңнан астам іс-шара өтеді. Сонымен қатар 500-ден астамы Қазақстан өңірлерінде ұйымдастырылатын болады», - деді ол.
Осы ретте министрлік ұйымдастыратын шараларға тоқталған ол елорданың барлық басты алаңдарында 1300-ден астам шара өтетінін айтты.
«Ал Елбасының тапсырмасы бойынша ЭКСПО-ның мәдени және спорттық бағдарламасы жан-жақты және толықтай отандық мәдениет, өнер және спорт саласындағы жетістіктерімізді паш ететін болады. Біздің «Мәңгілік ел» ұлттық идеямыз, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен елордамыз Астананың гүлденуі мәдени іс-шаралар арқылы 93 күн бойы көрсетіледі. Елбасының тапсырмасына сәйкес кешенді бағдарламадан қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрін ашатын іс-шараларға ерекше көңіл бөлінген», - деді Мұхамедиұлы.