Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тұсында өкілетті билік органдары өздерін қазақстандық қоғамға тән халықтық демократияның факторы ретінде көрсетті

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толған тұста Парламентаризміміздің тарихында өкілетті билік органдары өздерін қазақстандық қоғамға тән халықтық демократияның факторы ретінде көрсетті.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тұсында өкілетті билік органдары өздерін қазақстандық қоғамға тән халықтық демократияның факторы ретінде көрсетті

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Биліктің жергілікті өкілді органдарының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі» атты дөңгелек үстел отырысында Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестің мүшесі Дауылбай Құсайынов айтты.

Оның пікірінше, мелекетіміздің тәуелсіздігі жағдайында Парламентті құру қағидаларымен қатар мемлекеттік биліктің бір тармағы саналатын өкілетті органдардың рөлі артты. «Еліміздің жоғары заң шығарушы органының депутаты, республикамыздағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдарының жобаларын Парламент палатасында талқылауға қатысушылардың бірі ретінде мен Қарағанды облысының Мәслихат хатшыларымен және депутаттармен кездесулер кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңнамалардың редакциясын мәслихат депутаттары түсіністікпен қабылдағандарының куәсі болдым. Мәслихат өкілдері өздерінің өкілетті шешімдерін орындай отырып, қоғамды конституциялық реформалаудың барлық кезеңіндегі саяси міндеттерін анықтау арқылы заңнамаларда көрсетілген тапсырмалар мен оларды шешудің әдістерін қалелеспей іздеудің қиын жолдарынан өтті»,-деді депутат.

Оның сөзінше, өкілетті органдарға қатысты заңнаманы жетілдіру жолына көз жүгіртер болсақ, халық мүддесі мен биліктің қағидалары ескерілгендігін көруге болады.