ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ: Еліммен бірге өсіп келе жатқанымды мақтан тұтамын - ҚазҰУ-нің студенті Дамир Мұқан

АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ярослав Гольченко/ - Бұрындары мен ҚР Тәуелсіздігінің құрдасымын дегенді мүлдем ойламаппын. Ал қазір еліммен бірге өсіп келе жатқаныма қуаныштымын. Бұл ойы туралы ҚазАқпараттың тілшісіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықарлық қарым-қатынастар факультетінің 3-ші курс студенті Дамир Мұқан білдірді.

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ: Еліммен бірге өсіп келе жатқанымды мақтан тұтамын - ҚазҰУ-нің студенті Дамир Мұқан

«Қазір мен уақытымның бәрін оқуға арнаймын. Болашақта білікті дипломат болып, халықаралық аренада еліміздің мүддесін таныстырсам деймін. Әсіресе геосаясатқа қызығамын, Бзежинский мен Дугинды оқығанды ұнатамын», - дейді тәуелсіздіктің құрдасы.

Сонымен қатар Д. Мұқан кәсіби түрде киберспортпен шұғылданады. Оның айтуынша, бұл жастардың қызығушылығы ақпараттық технологиялардың дамуымен тығыз байланысты екен. Бұл бүгінгі таңда Қазақстанның инновациялық дамуының басым бағыты болып табылады.