Тәуелсіздік сарайы күрделі жөндеуден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл наурызда елордадағы Тәуелсіздік сарайына күрделі жөндеу басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Astana Venue Management» ЖШС-ге сілтеме жасап.
None

Алдымен, серіктестік желіде тараған «Тәуелсіздік сарайы сүріледі» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Алайда, техникалық тексеру ғимарат шатырының металл құрылымында ақаудың барын көрсетті. Осы орайда, жекелеген элементтер бойынша күрделі жөндеу жүргізіледі», - делінген ресми ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай, жөндеу жұмыстары биыл наурызда басталады деп жоспарланған.

«Тәуелсіздік сарайына бұған дейін қайта және күрделі жөндеу жүргізілмеген», - деп көрсетілген хабарламада.

Еске салсақ, Тәуелсіздік сарайының жөндеуден өтетіні осыдан бірнеше жыл бұрын мәлім болған еді.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі айтулы іс-шаралар ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар