Тәуелсіздік туралы 20 дерек: 1996 жыл. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының қалыптасуы
ТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - «1996 жылғы 26 сәуірде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытайдың арасында Шекара аумағында әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісімге қол қойылды.
Бұл құжат шекаралас мемлекеттердің арасындағы сенім шараларын нығайтуға ықпал етті. «Бестіктің» бірнеше басқосуынан кейін бұл келісім Шанхай ынтымақтастығы ұйымына ұласты», - деп жазды Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Facebook-тегі жеке парақшасында.
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда өз өміріңізде қандай өзгерістер орын алғаны жайлы, ауылыңызда, қалаңызда 1996 жылы қандай қызықты оқиға болғаны туралы, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы жазыңыздар. Жоба аяқталған соң, үздік пікір білдіргендерге кәде-сый дайын.
«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 танысыңыздар.