Тәуелсіздік жылдары әйелдер аймақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени дамуына қомақты үлесін қосты - БҚО

АЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тәуелсіздік жылдары әйелдер аймақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени дамуына қомақты үлесін қосты. Бұл туралы «АЖАР» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілген «Әйелдер көшбасшылығы: ұрпақтар сабақтастығы мен үнқатысуы» атты конференцияда айтылды.
None
None

Аталмыш қоғамдық бірлестік жетекшісі, Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж директоры Шалқыма Құрманәлинаның атап өткеніндей, алдағы уақытта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың белсенді қатысуы аса маңызды. Бұл ретте аға ұрпақ өз тәжірибесін, білім-білігін, еңбек өнегесін бере білуі тиіс. Отбасы институтын нығайту да күн тәртібінен түспек емес. Осы орайда облыста ұрпақ үлгі алатын өнегелі отбасылар аз емес. Сонымен бірге «АЖАР» қоғамдық бірлестігі жастарды, соның ішінде қазақ қыздарын ұлттық дәстүр мен рухта тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.

«Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлап жатырған мезгілде біз қыздарымызды өз ізбасарларымыз ретінде көргіміз келеді. Олар қоғамда белсенді болумен қатар ең басты парыз - тәрбиелі ана болуды да ұмытпауы керек», деді ақын Ақұштап Бақтыгереева.

Соңғы жаңалықтар