Тәуелсіздік жылдары бала туу көрсеткіші 25 пайызға артты - Елбасы Жолдауы
ТАРАЗ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Біз аурулардың алдын алу мәселесімен терең айналысуымыз керек», - деп атап көрсетті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында.
Елбасы өз сөзінде сондай-ақ Тәуелсіздік жылдары елімізде бала туу көрсеткіші 25 өсіп, адам өлімі - 11 пайызға төмендегенін атап көрсетті.
«Профилактикалық жұмыстар сауатты жүргізілген кезде ғана аурулардың алдын ала аламыз», -деп атап көрсеткен Елбасы, 2013 жылға қарай Қазақстанға Денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесі енгізілгелі отырғанын жеткізді.