Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ғылымы көптеген салалар бойынша халықаралық деңгейдегі зор нәтижелерге қол жеткізді - Бақытжан Жұмағұлов

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның ғылым саласы да мемлекетпен бірге қарыштап дамып келе жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бүгін Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан ғалымдарының форумында айтты.
None
None

"Қазақстан санаулы мемлекеттердің қатарында құс тұмауы мен доңыз тұмауына қарсы өз вакцинасын әзірледі. Қатерлі ісік ауруына қарсы бірегей отандық "Арглабин" препаратын ойлап тапты. Ол көптеген елдерде тіркеліп, патентке ие болды", - деді Бақытжан Тұрсынұлы. Оның айтуынша, қазіргі таңда "Фитохимия" холдингі Ұлыбритания, АҚШ, Швейцария, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Ресей, Беларус елдерінің 30 ғылыми ұйымымен бірлесіп жұмыс істейді. Микробиология және вирусология саласында халықаралық ұйымдардың гранттық қолдауымен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей ғалымдарымен бірге зерттеулер жүргізілуде. Сондай-ақ минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың технологиясы бойынша Боливия, Италия, Канадада зауыттар салынып жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар