Тәуелсіздіктің 20 жылында «Қазақстандық жолдың» базалық құндылықтары қалыптасты - Елбасы
АНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тәуелсіздіктің 20 жылында «Қазақстандық жолдың» базалық құндылықтары қалыптасты.
Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауы барысында атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары «Қазақстандық жолдың» базалық құндылықтары, бостандықтың, бірлік пен тұрақтылықтың, өркендеудің жолдары қалыптасты», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Менің Жарлығыммен «2011 жыл - Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» деп жарияланды. Мемлекеттік комиссия құрылып, іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспары бекітілді. Бұл жалпы халықтық іс», - деп атап өтті Президент.
Осы орайда Елбасы Үкіметке Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс-шараларды іске асыру үшін инвесторлардың, бизнес-қоғамдастықтардың, қазақстандықтардың күш-жігерін біріктіруді тапсырды.
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы - біздің мерейтойымызды мерекелеудегі басты ұран болмақ», - деді Президент.
Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы жоғарыда айтылған міндеттерге баршамыз жұмыла кірісуіміз керек екенін қадап айтты.