19:31, 03 Шілде 2010 | GMT +5
«Тәуелсіздіктің бойтұмары - әсем Астана» атты ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтеді
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы шілденің 10-ында Алматы облыстық Ат спорты федерациясының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» атшабарында «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында Астана күніне орай «Тәуелсіздіктің бойтұмары - әсем Астана» атты ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің ресми сайты.

Жарыс бағдарламасында:
Аламан бәйге - 21 шақырымға;
Топ бәйге - 15 шақырымға;
Құнан бәйге - 11 шақырымға;
Жорға жарыс - 9 шақырымға;
Сол сияқты қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу ұлттық ойындары ұйымдастырылады.
Бәйгенің барлық түрі бойынша 7 жеңіл автокөлік тігіледі.
Аламан бәйгеде топ жарған жеңімпазға «Джипп» жеңіл автокөлігі беріледі.
Барлық жүлдегерлер ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.