«Тәуелсіздіктің нышаны - «Мәңгілік ел» қақпасы» - республикалық басылымдарға шолу

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 9 желтоқсан, жұма күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Астанада ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Халық Қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұр­ма­ғам­бетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа кешені ашылды. Оның ашылу салтанатына Елбасы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мемлекет басшысы мектеп тәрбиеленушілерін жаңа кешен­нің ашылуымен құттықтаған соң, Қорғаныс министрі Әділбек Жа­қ­сы­беков мектептің оқу-материал­дық базасымен таныстырды. Қа­рулы Күштердің Жоғарғы Бас қол­басшысы 51 сыныбы бар 4 қабатты оқу ғимаратының ауди­то­рияларын, 500 орындық жатақ­ха­насын, кітапхана мен оқу және мәжіліс залдарын аралап көрді. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев екінші кезекте Астанадағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан жаңа нысан - Оқу­шы­лардың шығармашылық са­райы­на келіп, кешеннің жаңа зал­дары мен бөлмелерін аралап көрді. Жалпы аумағы 60 мың шар­шы метрді алып жатқан Оқу­шы­лар сарайы - 4 қабаттан тұратын, көпбейінді, сырт пішімі күрделі ғимарат», деп жазады басылым. Мақала «Жас ұландарға - жаңа нысандар» деген тақырыппен берілген.

«Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы қарсаңында қуаттылығы 1500 кВт. Қордай жел электр бекетінің бірінші кезегі іске қосылып, пайда­лануға берілді», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Басылымның атап өтуінше, Қордай жел электр бекеті еліміздегі жел қуатының алғаш­қы жо­ба­ларының бірі және желді пайдалану арқылы электр қуатын өнді­ре­тін бірінші өнеркәсіптік нысан бо­лып табылады. Қордай ЖЭС-нің бі­рінші кезегінің құры­лысына «Изен-Су» компаниясы 370 млн. теңге инвестиция салды. ЖЭС құ­ры­лысы жобасын іске асыруға 40 жұ­мысшы тар­тыл­ды. Ал 500-ден ас­там отбасы мен олардың жеке шаруашы­лы­қтарының электр қуа­ты­на деген қажетін өтейтін бекетте небары 9 адам жұмыс істейтін болады.

***

«Қызлорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов мырза осыдан біраз уақыт бұрын даңқты отандасымыз, атақты ауыр атлет Илья Ильинге 2 миллион 250 теңге көлемінде стипендия тағайындау жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Бұл шамамен 15 мың АҚШ долларын құрайды. Әкімнің бастамасын қолдаған облыстық мәслихат осы мәселеге байланысты шешім шығарды», - деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі санындағы «Илья Иьинге 15 000 доллар стипендия тағайындалды» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, осылайша әйгілі спортшының материалдық жағдайы жақсармақ.

***

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы еліміздің әрбір азаматы үшін қашанда қарымынан қуат, қоғамынан сауат ескен мемлекеттіліктің айшықты белгісі болған Қазақстан Тәуелсіздігінің айтулы 20 жылдығы қарсаңында елордада сәулет туындысын тұрғызу идеясының нәтижесінде Астанада асқақ рухымыздың тағы бір символы - «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы бой көтермек. Осы орайда «Алаш айнасы» газеті қалың оқырманға осы бір ерекше құрылыстың жан-жақты сипаттамасын ұсынып отыр. Бірегей сәулет өнері жайында егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, «Тәуелсіздіктің нышаны - «Мәңгілік ел» қақпасы» деген тақырыпқа зер салыңыз.

«Алаш айнасы» газеті мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы аясында халық жазушысы Шерхан Мұртазамен арада өрбіген сұхбат басылымның бүгінгі нөмірінде жарияланып отыр. «Менімен бірге туған ұрпақ қырылып қалмағанда, бүгін 30-40 миллионға жетер ме едік...» деген тақырыппен берілген сұхбат барысында тілшінің барлық сауалдарына тұщымды жауап берген қаламгер: «Жаным тыныштық қалайды. Аман-есен сау-саламат жарық дүниеде жүре берсем деймін. Менің бұл тілегімді Алла қашанғы бере береді, қашанғы менің сөзіме құлақ салады? Оның барлығы уақытша дүние ғой. Бір күні алып соғады. Оны білеміз, көзіміз жетеді. Өлмейтін пенде жоқ», - дейді.

***

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­та­масын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жілісі мен мәслихаттар де­пу­таттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы ме­мо­рандумға қол қою ұсыны­сын жасап отыр. «Алдағы жоғары және жергілікті өкілді органдарға сайлау қазақстандық демократия дамуының жаңа мәресіне ай­на­ларына, азаматтық баста­ма­ны арттыруға ықпал етеріне, мемлекеттік саясатты жүр­­гізуге азаматтардың қаты­су деңгейін кеңейтеріне біз сенімдіміз», - дейді нұротан­дық­­тар.

Соңғы жаңалықтар