Таяу Шығыс елдерінен қанша қазақстандық елге қайтарылды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

задержка рейса, багаж, чемодан, вылет, прилет, стойка регистрации
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.

Министрлік мәліметінше, эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық елге қайтарылған.

Айта кетейік, Қазақстан Израильден өз азаматтарын эвакуациялауға жәрдем сұрады.

Air Astana компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерден 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының жолаушыларын алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Өзбекстан Таяу Шығыс елдерінен 19,3 мыңнан астам отандасын эвакуациялады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум