Таяу Шығыстағы ахуал Орталық Азияның әл-ауқатына жанама қауіп төндіреді — Мұрат Нұртілеу
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты пікір айтты.

— Таяу Шығыстағы ахуалға тоқталсақ, өңірдегі тұрақсыздық Орталық Азияның әл-ауқатына жанамалы, ал кейде тікелей қауіп төндіреді. Аймақтық және әлемдік факторлардың мүддесі қиылысқан күрделі өңірде бейбітшілік орнауы үшін Қазақстан дипломатиялық әрі саяси күш-жігерін жұмсауға әрқашан дайын, — деді Мұрат Нұртілеу Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоның елордаға сапары аясындағы кездесуден кейін БАҚ өкілдері алдында мәлімдеме жасай тұрып.
Бұған дейін Мажарстанның президенті Тамаш Шуйок және Парламент спикері Ласло Кевердің Қазақстанға ресми сапарпен келетіні туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ Қазақстанда мажар тілі оқытылатыны белгілі болды.
Айта кетейік, бүгін Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто елордаға ресми сапармен келді.