Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты бірнеше рейс тоқтады

АСТАНА. KAZINFORM -Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Компаниялар тобы 23 маусымда бірнеше рейсті тоқтатады.

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты бірнеше рейс тоқтады
Фото: Александр Павский / Kazinform

Атап айтқанда, КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау; КС205/206/Астана-Дубай-Астана; КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы; КС655/656/Астана-Доха-Астана арасындағы рейстер тоқтайды. 

Әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ирак әуе кеңістігінде ұшуға салынған тыйым тағы бір тәулікке ұзартылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар