Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Суданда ауызсу тапшы болып барады

АСТАНА. KAZINFORM - Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы әлемдік нарықтағы бағаның өсуіне әсер етті. Бұл үрдіс Судандағы таза ауызсудың құнына да ықпал етіп отыр, деп жазады BILD.

Две трети населения Судана нуждаются в гуманитарной помощи — ООН
Фото: x.com / @UN_SPExperts

Африканың солтүстік-шығысындағы елдің су жүйесі негізінен жерасты суын терең ұңғымалар арқылы алуға тәуелді. World Vision гуманитарлық ұйымының мәліметінше, дизель генераторларының көмегімен су резервуарлар мен құбырлар арқылы халық пен малға жеткізіледі. Әсіресе аптап ыстық кезеңінде суға сұраныс күрт артады. Алайда Иран Ормуз бұғазын жапқаннан кейін дизель отынының қымбаттауына байланысты су бағасы шамамен 30 пайызға өскен.

Соның салдарынан көптеген отбасы таза ауызсу сатып ала алмай, қауіпсіздігі күмәнді су көздерін пайдалануға мәжбүр. Бұл өз кезегінде сүзек, тырысқақ сияқты жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырып отыр.

Осыған дейін Суданда гуманитарлық жағдай қиындап бара жатқаны туралы жаздық.