Таяу Шығыстағы жағдай аясында мұнай бағасы 105 доллардан төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Сауд Арабиясының өтініші бойынша Иранға хуситтердің корольдіктің мұнай инфрақұрылымына шабуылын шектеуге шақырғаннан кейін мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Reuters.

Әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады — ParsToday
Фото: ParsToday

Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 95 центке немесе 0,93%-ға төмендеп, барреліне 104,87 доллар болды. WTI маркалы америкалық мұнайдың бағасы 1,61 долларға немесе 1,58%-ға арзандап, барреліне 100,30 долларды құрады.

Сонымен қатар мұнай нарығының келешегі әлі де белгісіз. Соңғы апталарда АҚШ пен Иран арасындағы жалғасып жатқан соққылар, сондай-ақ Иран қолдайтын хуситтердің белсенділігінің артуы аясында мұнай бағасы өскен болатын.

Мұнай өңдеу қуаттарының жұмысындағы үзілістер жағдайды одан әрі қиындатып отыр. IIR Energy мәліметінше, келесі аптада АҚШ мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс істеп тұрған қуаты тәулігіне 371 мың баррельге қысқаруы мүмкін.

Сонымен бірге Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдау мәселесі де сақталып отыр. Бейсенбі күні бұғаз арқылы шикізат тиелген небәрі төрт кеме өткен. Ал соңғы 10 күндегі орташа көрсеткіш шамамен 16 кемені құраған.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының бұдан арғы динамикасы негізінен мұнай жеткізілімдерінің қалпына келуіне және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының жағдайына байланысты болады.

Бұған дейін еліміз жаңа мұнай қорын іздеуге қанша қаржы жұмсап жатқанын жазған едік.
Сондай-ақ Қазақстанның мұнай қоры қанша жылға жететіні белгілі болды.